13 қараша 2023 09:28

Бишімбаев ісі: "Гастро-орталық" директоры қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша "Гастро-орталық" директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы 12 қарашада Астана полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша "Гастро-орталық" директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы 12 қарашада Астана полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша әйелді өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайы және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шараларды орындап жатыр.

"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

13 қарашада Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети