18 қыркүйек 2017 17:21

БҚО-да әкесі мен ұлын мүгедек қылған мас жүргізуші жазадан құтылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жол апатының салдарынан екі аяғынан да айырылған әкесі мен ұлы 4 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Уральская Неделя.


БҚО-да жол апатының салдарынан екі аяғынан да айырылған әкесі мен ұлы 4 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Уральская Неделя.

Шағымданушылар жол апатына кінәлі адамнан 5 565 525 теңге өндіруді талап еткен, оның 1 565 525 теңгесі материалдық шығын да, қалған 4 000 000 теңгесі моральдық шығынды өтеу құны.

Сот отырысында жауапкер материалдық шығынды ғана өндірумен келісетінін, ал қалған бөлігін қанағаттандырмауды сұрады. 

"Іс материалдарын зерттей келе, сот 2-топ мүгедектігіне әкеп соққан моральдық бейнет пен дене зақымын, жауапкердің материалдық жағдайын, отбасы жағдайын және жасын ескере келе, адал ниеттілік естілік пен әділдік ұстанымын ескере отырып, шағымды ішінара қанағаттандырады, жауапкерден шағымданушылардың пайдасына 1 157 243 теңгені материалдық шығын ретінде, ал моральдық шығынды 2 842 757 теңге деп бағалап, жауапкерден жалпы 4 000 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды", - деп жазды басылым. 


© uralskweek.kz

Жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты қылмыстық іс болса ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылықпен тоқтатылды. 

Жол-көлік оқиғасы өткен жылдың қарашасында болған. Нұрлан мен Әділхан Қабдіқайыровтар үйіне қайтып келе жатқанда көлігі бұзылып қалған. Әкесі мен баласы көлікті жол жиегіне қойып, жөндей бастаған. Осы кезде ВАЗ 2109 жүргізушісі жол жиегіне шығып кетіп, оларды басып кеткен. Олардың екеуінің де аяғын кесіп тастауға тура келген. Жүргізуші мас болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети