16 мамыр 2021 15:32

БҚО-да жүк көліктері соқтығысты: екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mgorod.kz Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам мен 39 жылқы қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам мен 39 жылқы қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

КамАЗ-дың жылқы тиелген тіркемесі болған, ал Mercedes-Benz көлігі жүксіз, бос келе жатқан. Екеуі соқтығысып, кейін жүк көліктері өртенген. 

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 15 мамырда сағат 23.56-да Қаратөбе ауданының маңында, Самара-Шымкент тасжолының 464-ші шақырымында болған.

"40 жылқы тиелген КамАЗ бен түрік нөмірлері тіркелген Mercedes-Benz Actros фурасы бетпе-бет соғысқаннан кейін өрт шықты. Ауыр жүк көліктері толығымен өртеніп кетті, 39 бас жылқы да өртенді. Көліктерден күйген екі мәйіт шығарылды, бір адам әртүрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сағат 04.47-де сөндірілген.

Фото мен видеоны БҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети