16 маусым 2021 17:00

БҚО-да ірі жол апатынан төрт адам жансақтау бөліміне түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында ірі жол апаты болды. Тасжолда ВАЗ және Volkswagen Sharan көліктері соқтығысқан. Ресейлік көліктің төрт жолаушысы аудандық аурухананың реанимациясына жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, жол апаты 16 маусымда сағат 13:13-те Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолының 27-шақырымында болған. 27 жастағы ВАЗ-21103 жүргізушісі екінші көлікті басып озу кезінде қауіпсіздікті сақтамай, Volkswagen Sharan көлігімен соқтығысқан. Ол көлік тізгінінде 37 жастағы жүргізуші болған.

"Екі көлік салонында барлығы 8 адам болған. Бесеуі ВАЗ көлігінде отырған. Олардың төртеуі реанимацияға түсті. Арасында бір жасар бала бар", - деді полицейлер.

Айта кетейік, қазір факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети