14 маусым 2021 11:29

БҚО-дағы демалыс базасында 33 жастағы әйел суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-дағы демалыс базасында әйел суға батып кетті. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлер көз алдында әйел суға батып кеткенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО-дағы демалыс базасында әйел суға батып кетті. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлер көз алдында әйел суға батып кеткенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде жазба жарияланды. 

"Сая" демалыс орнында көз алдымызда әйел суға батып кетті. Оған ешкім көмектесе алмады. Білікті құтқарушылар да жоқ. Бәрі жас жігіттер. Қауіпсіздік техникасы сақталмайды. Оқиға орнында әкімшілік қызметкерлері болған жоқ. Ешкім жасанды тыныс беру әдісін білмейді. Ыстық, адам көп, айналада ішімдік ішкен адамдар. Әйел қаншама адамның көз алдында қаза болды", - деді оқиға куәгері.

БҚО ТЖД өкілдері 13 маусыда кешке жазатайым оқиға туралы хабар түскенін айтты.

"13 маусымда сағат 19:45-те Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округінің Жайық ауылы  маңындағы "Сая" демалыс орнында суға батып кеткен 33 жастағы әйелдің мәйіті шығарылды", - деді ведомство өкілі.

Полиция факт бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети