15 желтоқсан 2018 12:55

БҚО-дағы көктайғақ: жүк көліктері жолдан жаппай ұшып кетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында үш күн қатарынан түнде республикалық маңызы бар Орал-Атырау тасжолы жабылды, - деп хабарплайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында үш күн қатарынан түнде республикалық маңызы бар Орал-Атырау тасжолы жабылды, - деп хабарплайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір әртүрлі жол-көлік оқиғаларының бейнежазбалары әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Көктайғақтың салдарынан жолдан шығып кеткен көліктерді видеодан көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

"Бұл кадрлар 14 желтоқсанда күндіз түсірілген. Бұдан бір күн бұрын біз Оралдан Атырауға жолға шығып едік. Жауған жаңбырдың әсерінен жолдың бетін мұз басты. Бекетке дейін жолға құм себілген, бекеттен соң мұз еді. Жолда жолдың шетінен 8 жүк көлігін көрдік. Жеңіл көліктердің жайы бір бөлек. Жол қызметкерлері бір күннің ішінде неге шара қолданбады?", - деді Орал тұрғыны.

ТЖ Департаментінің мәліметі бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Түнде Орал-Атырау тасжолы жабылды. 

"Тасжолдың жабылғандығы мобилдік байланыс арқылы таратылды. Көлік жүргізушілерінен алыс жолға шықпауын өтінеміз. Біздің құтқарушылар күнделікті жол-көлік оқиғасы болған жерлерге барады. Көктайғақтың салдарынан көліктер жолдан шығып кетеді", - деді БҚО ТЖД инженері Асқар Аблуқатаев.

"Қазавтожол" ЖШС филиалының хабарлауынша, қазіргі таңда техникамен қамту 46 пайызды құрап, мәселелер шешіліп жатыр.

"Қазір тасжолға 50 техника жұмылдырылған. Жолға құм себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 12 тонна құм сатып алынып, соның 4 тоннасы қолданылды", - деп хабарлады ЖШС филиалының директоры Еркебұлан Жұманов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети