20 қыркүйек 2017 08:35

Боксшы болуды армандаған астаналық 5-сынып оқушысы токқа түсіп, қолынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасөспірім тура мектептің жанындағы қараусыз қалған зауыттың ауласында абайсызда электр сымын ұстап алған. Ойын баласының қатты күйіп қалғаны сонша, дәрігерлерге оның қолын кесіп тастауға тура келді. Еңіреген ата-ана енді, ұлдарын мүгедек қылғандармен соттаспақшы, - деп хабарлайды КТК.


Жасөспірім тура мектептің жанындағы қараусыз қалған зауыттың ауласында абайсызда электр сымын ұстап алған. Ойын баласының қатты күйіп қалғаны сонша, дәрігерлерге оның қолын кесіп тастауға тура келді. Еңіреген ата-ана енді, ұлдарын мүгедек қылғандармен соттаспақшы, - деп хабарлайды КТК.

Жаға ұстатар жайт №57 мектептің алдындағы ескі зауытта болған. Кезінде темір қақпа, қоршаулар мен өзге де заттарды шығарған кәсіпорын қазір қараусыз жатыр. Бірақ, ашық-шашық жатқанымен, ғимаратта әлі ток бар. Тіпті, трансформатор орналасқан. 10 жастағы Данил сабақтан кейін осы кабельдердің бірін абайсызда ұстап, токқа түскен.

"Ток ұлымның қолынан кіріп аяғынан шыққан. Шамамен мың вольт болған екен. Кейін адамдар бірден көмекке келіп, Данилды ауруханаға жеткіздік. Оның аман қалғанына дәрігерлер де таң қалып отыр", - деді Астана қаласының тұрғыны Любовь Лагай. 

Бір тәулік жансақтау бөлімінде жатқан Данил енді есін жиды. Бірақ, токтың қатты соққысынан аман қалғанымен, сол қолын білек тұсынан кесіп тастауға тура келген.

"Қан жүрмеген соң, алақан жағы өлген соң кесіп тастауға тура келді. Бүгінгі таңда жағдайы жаман емес. Оң аяғындағы жаралары жазылып қалды. Ауыруына байланысты керек емнің бәрін алып жатыр", - деді № 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Ұлыбек Асылбеков.

Ал, Данил токқа түскен жер жекеменшік серіктестікке қарайды. Енді анасы электр сымдарын қалай болса солай қалдырып, айналасын қоршамаған фирмамен соттаспақшы. Оның үстіне мұнда жиі келіп ойнауды әдетке айналдырған өзге оқушыларға да қауіп төніп тұр. Өйткені, ғимаратқа бір емес, екі бірдей мектеп тым жақын орналасқан.

Оқыс жағдайдан кейін осы жерге жауаптылар трансформаторға апаратын жолды мынадай үйіндімен жауып тастаған екен. Бірақ, бұл ойын баласы үшін кедергі емес көрінеді. Оның үстіне ток әлі ажыратылмаған.

Қазіргі уақытта полиция токқа түсу дерегі қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті. Қараусыз нысанның кімге тиесілі екенін де анықтап жатыр. Ал, боксшы болуды армандаған Данил Лагай болса, әлі біраз уақыт ем алуы керек. Әрі онымен психологтар жұмыс істеуі тиіс. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети