13 шілде 2022 10:03

"Бірден кетіп қалды". Атырауда пәтері өртенген тұрғындар өртсөндірушілерді айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда өрт шыққан "Гаухартас" тұрғын үй кешені тұрғындары өртсөндірушілерді салғырттық танытты деп айыптады. Тұрғындар айтуынша, олар өрт орнынан ерте кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.


Атырауда өрт шыққан "Гаухартас" тұрғын үй кешені тұрғындары өртсөндірушілерді салғырттық танытты деп айыптады. Тұрғындар айтуынша, олар өрт орнынан ерте кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Атыраудағы "Гаухартас" кешенінде сегіз үй өртенген. Өрт сөндіруге 50 адам қатысты. Өрт екі сағаттан кейін, біраз пәтер өртеніп кеткеннен кейін тоқтатылған. Зардап шеккендер жергілікті ТЖД қызметкерлерін оқиға орнынан ерте кетті деп айыптайды.

"Біз өртсөндірушілерден шатырды қарауын сұрадық. Олар бізді тыңдамай, бірден кетіп қалды. Осының кесірінен бір-екі сағаттан кейін өрт қайта өршіді", - дейді тұрғын Айгүл Өтепова.

ТЖД маман қорытындысын күтуге шақырады. Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істеген, олар өртті сөндіруге барын салған. Олар өрттің шығуына тұрғындардың салғырттығы себеп болуы мүмкін дейді.  

"Біздің бөлімше өртті сөндірмей кеткеніне қатысты айтарым: оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің кезекшісі де, анықтаушы да жұмыс істеді. Жігіттер тепловизормен тексерді. Өрт еш жерде көрінбеді. Тұрғындардан өрт шығуына байланысты түсініктеме алынды", - деді Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығы Мақсұт Есполов.

Ақпарат дереккөзі: КТК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети