30 наурыз 2018 11:32

"Бірнеше баладан интим сурет сұрап, үйіне шақырған". Балқаш тұрғынына қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық ссурет © blog.pianetadonna.it Иллюстрациялық ссурет © blog.pianetadonna.it

Балқаш қаласының тұрғыны кәмелетке толмағандарды бірнеше рет азғырғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішіс. 


Балқаш қаласының тұрғыны кәмелетке толмағандарды бірнеше рет азғырғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішіс. 

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында кәмелетке толмағандарды Иентернет арқылы азғыру дерегі бойынша іс қаралды. 27 жастағы ер адам кәмелетке толмаған ұл балалармен бейәдеп хабарлама алысқаны деп айыпталды. Іс материалдары бойынша, ер адам балалардан интим суреттер сұрап, өз үйіне қонаққа шақырған. Балалардың бірінің анасы хабарламаны көріп қалып, полицицяға арызданған. Кейін тағы бір ата-анадан ұқсас арыз түсті. 

"Айыпкер ҚР ҚК-нің 124-бабының 3-тарауы бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы жасөспірімдерге қатысты педагогикалық жұмыс атқара алмайды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Сонымен қатар, оған мәжбүрлі бақылау мен психиатрға қаралу тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және облыстық сотта қайта қарауға өтініш берілген", - дейді Қарағанды облысытық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мұның алдында Балқаш қаласының 27 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған. Ер адам психо-неврологиялық диспансерде тіркеуде екені анықталды. Дегенмен бұл диагноз сот алдында жауап беруден құтқармады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети