03 ақпан 2022 19:33

Бірыңғай лотерея операторы Бейнеудегі лото-клуб өртенуіне қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сәтті Жұлдыз" бірыңғай лотерея операторы Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны ойын клубын өртеп, ісін видеоға түсірген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сәтті Жұлдыз" бірыңғай лотерея операторы Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны ойын клубын өртеп, ісін видеоға түсірген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания қызметкері бұл оқиғаны қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қарақшылар мен тонаушылардың басқыншылық әрекетімен салыстырды. Осындай адамдарға лаңкес деген мәртебе берілгенін еске салды.

Бірыңғай оператор қызметкері қазір құқық қорғау органдары ер адамның қандай мақсаты болғанын анықтап жатқанын айтты.

"Бұл азамат айтылған мекенжай бойынша 27 мың теңгеге билет сатып алып, 2020 жылдың 1 қарашасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.23-те 22 мың теңге ұтып алды. Осыдан кейін оған қатысты сатып алу дерегі тіркелмеген. Сонымен қатар, осы мекенжайға қайта келмеген", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамға өрт қоюдан басқа, оператор беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таралуына байланысты шағым түседі.

"Осындай талап барлық БАҚ-қа және осы азаматтың жеңілістері туралы негізсіз және дәлелденбеген мәлімет таратқан өзге де ақпарат құралдарына қойылады", - деді компания өкілі.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны лото-клубты өртеп, ісін видеоға түсіргені хабарланған болатын. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болды. Өзін камераға түсірген ер адамның айтуынша, "мұндай ойындар адамдар мен жастарды қызықтырады, құмарлық - ауру". Ол барлық қызметкерден өрт алдында ғимаратты босатуын сұрағанын айтты. Өйткені "ешкімге зиян тигізгісі келмеген".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети