Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Бішкек тұрғыны Аргентина құрамасының жеңілісінен соң асылып қалды

15 Шілде 2014, 15:15
0
©Vesti.kz
©Vesti.kz

Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Германиядан ұтылғаннан кейін Бішкек қаласының тұрғыны асылып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстан астанасының мемлекеттік ішкі істер басқармасына сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, суицидке барған адам 21 жаста болды. Тергеудің алдын ала мәліметіне қарағанда, жас жігіт қаладағы букмекерлік кеңселердің бірінде бәс тіккен. Бар жиған-тергенін ол Аргентина құрамасының жеңісіне қойды. Ал ол жеңілгеннен кейін жігіт үйіне келіп, асылып қалған. Қазіргі кезде құқық қорғаушылар суицидтің жай-жапсарын анықтап жатыр. Бәске тігілген ақшаның нақты сомасы да анықталуда. 

Айта кетейік, шілденің 14-і күні Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатының финалында Германия құрамасы Аргентина командасын жеңіп, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Есеп 0:0 болды. Ал қосымша уақытта немістер бір гол салып, жеңімпаз атанды. Аргентина құрамасы жеңілгеннен кейін бұл елдің астанасында тәртіпсіздіктер болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай