20 тамыз 2018 10:32

Черногорияда қазақстандық суға батып бара жатқан екі әйелді құтқарамын деп мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wikipedia.org © wikipedia.org

Қазақстан азаматы Танат Смағұлов Черногорияда Ульцин қаласындағы теңізде суға батып бара жатқан екі әйелді құтқарамын деп қайтыс болды. Қайғылы жағдай 16 тамызда болған. Бұл туралы "Экспрес-К" газетіне қайтыс болған жігіттің досы хабарлаған. 

Теңіздің толқыны күшейіп, екі әйел суға бата бастаған. Сол кезде Танат оларды құтқарып қалмақшы болып, суға секірген. Қазақстандық жігіттен бөлек, Черногорияның тағы бір тұрғыны әйелдерді құтқарамын деп мерт болған.

Басылымның мәліметінше, қайтыс болған қазақстандықтың артында төрт жасар қызы қалған. Оның денесі Қазақстанға 21 тамызда жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети