28 ақпан 2020 09:04

Даниал Ахметовтің қарындасының ұрлануы: Гүлфаз Аубанова оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© liter.kz © liter.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлфаз Аубанова 2019 жылдың қыркүйегіндегі оны ұрлау ісіне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Liter.kz


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлфаз Аубанова 2019 жылдың қыркүйегіндегі оны ұрлау ісіне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Liter.kz

Гүлфаз Аубанованың сөзінше, ол күдіктілердің бірін таниды, бірақ оны көрмегелі көп уақыт болған. Күдікті оны ұрламақ болғанын тергеу барысында ғана білген. 

"Ұрылар бетперде киіп алғандықтан ешкімді тани алмадым. Бұрыннан бері танитын Тезекбаев ұрлық жасайды деп ойламаппын", - дейді Аубанова. 

Даниал Ахметовтің қарындасы қылмыскерлер оны ұрлап әкеткені үшін ақша талап етеді деп ойламағанын айтты. 

"Ақша туралы сот отырысы кезінде ғана білдім. Бұл олардың тергеушілерге берген айғағы болған. Оған дейін маған ешкім ақша жайлы келмеген", - дейді жәбірленуші. 

Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап кеткендер 200 миллион теңге талап еткен

Айта кетейік, Гүлфаз Кенжетайқызы Аубанова - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің туған қарындасы. Ол - жеке медициналық ұйымдар желісінің топ-менеджері. Жекеменшік медициналық орталықтың директоры, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2009 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментін басқарған.

2019 жылы қыркүйекте Павлодар қаласының 61 жастағы тұрғыны ұрланғаны хабарланған болатын. Исиналиев көшесіндегі үйдің ауласында әйел адамға шабуыл жасалған. Жәбірленуші полицияға арызданған, онда ол шабуыл күш қолданып жасалғанын көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети