26 наурыз 2020 15:49

Даниал Ахметовтің қарындасының ұрлануы: Сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: liter.kz Фото: liter.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында павлодарлық Гүлфаз Аубанованың ұрлануына қатысты сот отырысы аяқталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында павлодарлық Гүлфаз Аубанованың ұрлануына қатысты сот отырысы аяқталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдында фирмалардың бірінің директоры мен оның бұрынғы күзетшісі келді. Екеуі де адам өлтіруге оқталу, аса қомақты мөлшерде ақша бопсалап, алдын ала келісім бойынша бір топ болып адам ұрлау баптары бойынша айыпталған болатын.

Осылайша, соттың үкімімен Асхат Тезекбаев адам ұрлағаны үшін айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің максимал қауіпсіздік мекемесіне өтейді. Оның сыбайласы Игорь Милованов та айыпты деп танылып, 11 жылға сотталды. Ол да жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің максимал қауіпсіздік мекемесіне өтейді.

Даниал Ахметовтің қарындасының ұрлануы: Гүлфаз Аубанова оқиғаның мән-жайын айтып берді

Сондай-ақ, сот оларды моральды шығынды өтеуге міндеттеді. Соттың шешімімен Тезекбаев 4 миллион теңге, ал Милованов 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, Гүлфаз Кенжетайқызы Аубанова - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің туған қарындасы. Ол - жеке медициналық ұйымдар желісінің топ-менеджері. Жекеменшік медициналық орталықтың директоры, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2009 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментін басқарған.

2019 жылы қыркүйекте Павлодар қаласының 61 жастағы тұрғыны ұрланғаны хабарланған болатын. Исиналиев көшесіндегі үйдің ауласында әйел адамға шабуыл жасалған. Жәбірленуші полицияға арызданған, онда ол шабуыл күш қолданып жасалғанын көрсеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети