Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.35
EUR / KZT - 405.46
CNY / KZT - 51.64
RUB / KZT - 5.87

Дубайда ұсталған қазақтардың кінәсі анықталды

04 Ақпан 2014, 15:21
1
Асылбек Шұқыранов Фото Nur.kz
Асылбек Шұқыранов Фото Nur.kz
Дубайда жүріп ұсталған батысқазақстандық азаматтың мәлімдеуінше, араб елінің арнайы қызметі оларды Сириядағы қазақстандықтармен байланысы бар деп күдіктенген деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Мұндай тосын жай туралы Дубайда қамауда отырып, таяуда ғана елге оралған Асылбек Шұқыранов есімді азамат айтып отыр. Қамауға алынғаннан кейін арабтың арнайы қызметі олардан заңсыздық әрекет таппағаннан кейін елге қайтарылған көрінеді.

"Олар бізді Сириядағы қазақтармен байланысы бар деп кінәлады. Қиын кезде бізге қол ұшын созған Қазақстан билігіне алғыс айтамыз. Шынын айтсақ, арабтардың мұсылмандарға мұндай көзқараста болатынын күтпеп едік. Қазір аман-есен елге оралдық, бірақ отбасымыз сонда қалды. Оларды қайтарып алуға ел билігінің көмектесетінінен үміттіміз", - дейді қамауда болғандардың бірі оралдық Асылбек Шұқыранов.

Шетелде жүріп қамауға алынғандардың бірі Мирғалым Сейітқалив: "Жолдасым қалды менің, ол кісімен хабарласып тұрамыз. Елшілікке документтерін тапсырды. Енді қағаз күтіп отырмыз, мәселелер шешіледі деді. Иншалла, шешіледі деп отырмыз. Мына жақтан хабарласып, көмектеседі деп жатыр", - дейді өзінің отбасы туралы.

Бұл оқиға өткен жылдың қазан айының 30 күні Біріккен Араб Әмірлігінде орын алған болатын. Қамауға алынғандардың бірі Асылбек Шұқыранов ұзақ жылдардан бері сол жақта көлік саудасымен айналысқан.

Шулы оқиғадан кейін отандасымыздың фирмасы да жіті тексеріліп, жұмысынан заңға қайшы әрекет анықталмаған. Дубай түрмесінен босап шыққан олардың отбасылары елге қашан қайтарылатыны әзірге белгісіз.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай