Екі облыста жолдар ішінара жабылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген жол учаскелерінде жел мен бұрқасын салдарынан барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген жол учаскелерінде жел мен бұрқасын салдарынан барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

17 қарашада сағат 16.30-да Жамбыл облысында ауа райының нашарлап, қар жауып, боран болып, жол көрінбей, "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының 160-238 шақырымында, Кенен ауылы - Благовещенка ауылы учаскесінде автокөліктің кез келген түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ, 17 қарашада сағат 17.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлап, бұрқасын болып, жол көрінбеуіне байланысты "Сарыөзек-Көктал" 45-68 шақырымдық тасжолында, Алтын Емел асуы, "РСУ-1" ЖШС қайта жаңарту учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Төтенше жағдайларды болдырмау, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік жүргізушілерді ұзақ сапарларға шықпауға шақырды.

Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 1403 нөмірі бойынша тәулік бойғы call-орталыққа хабарласа аласыз.

Бұған дейін Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенде газ құбырларына зақым келгені хабарланды. Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы тасжолда қатты жел салдарынан "Газель" аударылып қалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети