25 маусым 2021 12:39

Екібастұзда нашақор деген күдікпен ұсталған тұрғын жансақтауда жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Екібастұзда полицейлер 61 жастағы тұрғынды есірткі қабылдады деген күдікпен ұстаған және бір сағатқа жуық қалада жүреген. Бірақ бұл уақытта ер адам инсульт алған және жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда полицейлер 61 жастағы тұрғынды есірткі қабылдады деген күдікпен ұстаған және бір сағатқа жуық қалада жүреген. Бірақ бұл уақытта ер адам инсульт алған және жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің ұлының айтуынша, оқиға 23 маусымда болған.

"Патрульдер көшеде әкемнің көлігін тоқтатып, оны есірткіге мас деген күдікпен ұстаған. Әкем үйге қоңырау шалып, жүргізуші куәлігін әкеп беруді өтінді және жағдайы нашар екенін айтты. Анам оқиға орнына кетті. Патрульдік көлікте отырған әкемді көріп, қызметкерлерге өткен күзде оның инсульт алғанын ескерткен. Бірақ олар анамды тыңдамаған", - деді Ерсін Сәрсембаев.

Ер адам анасы полициямен бірге барғысы келетінін айтқанын жеткізді, бірақ патрульдік көлікке жақындаған кезде ол кетіп қалған.

"Кейін анам полиция қызметкері отырған әкемнің көлігіне отырып, олардың артынан жүруді талап етті. Екі шақырым жүргеннен кейін екі көлік те тоқтап, тағы бір көлік келген. Ол әкемді босату үшін ақша беру керегін айтты", - деді Ерсін Сәрсембаев.

Ұлының айтуынша, әкесін медициналық куәландыруға апарып, сау екеніне көз жеткізудің орнына, патрульдер онымен бірге бір сағатқа жуық қалада жүрген. Кейін туыстары ақша беруден бас тартқанда көлікті айып тұрағына алып кеткен. Айып тұрағына жеткенде жұбайының жағдайы нашарлап кеткенін көрген әйел жедел жәрдем шақырған.

Ал полиция оқиғаның басқа нұсқасын айтып берді.

"Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол беріп, жол жиегімен жүрді. Сондай-ақ, тексеру кезінде жүргізушіде автокөлікке құқығын белгілейтін құжаттар болған жоқ. Осы құқық бұзушылық үшін заңнамада әкімшілік өндірісті қозғай отырып, көлік құралын басқарудан шеттету және автокөлікті айып тұрағына жабу көзделген", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция егде жастағы ер адам дөрекі әрекет еткенін, қызметкерлердің заңды әрекеттеріне кедергі келтіргенін және қарсылық көрсеткенін айтты.

"Іс жүргізу кезінде жүргізушінің әйелі де өзін дөрекі ұстаған. Дерек бойынша жұбайына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 596-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 15 АЕК айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-ның 612-бабы 1-бөлігі бойынша ескерту шығарылды, ҚР ӘҚБтК 667-бабы 1-бөлігі бойынша материал сотқа жіберіледі", - деді Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ, ол айып тұрағына келгенде ер адамның жағдайы нашалап, полиция жедел жәрдем шақырғанын айтты. Ол барлық іс-әрекеттер полиция қызметкерінің бейнежетонына жазылғанын айтты. Алайда зардап шеккен ер адамның отбасы құқық қорғау органдарының тұжырымына шағымдануға ниетті.

Дәрігерлер 61 жастағы науқаста инсульт болғанын растады. Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір ол неврология бөліміне ауыстырылған. Оның туыстары Екібастұз прокурорына, облыстық полиция департаментіне, ІІМ-ге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағым жазып, факт бойынша объективті тергеуді талап етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети