19 тамыз 2016 12:27

"Эко такси" өкілдері Құлжа тас жолында полициядан қашқан жүргізушіге қатысты оқиғаға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com/ 365info © Youtube.com/ 365info

Алматыда такси қызметіндегілер Құлжа тас жолында басқа көліктермен жарысып, мас күйінде көлік жүргізген ер адамға қатысты оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Эко такси" компаниясының басшысы Максим Сәрсеновтың айтуынша, ол күні көлікте жүргізушінің туысы болған. Олар жарыс ұйымдастырып, өз араларында бәстескен екен.


Алматыда такси қызметіндегілер Құлжа тас жолында басқа көліктермен жарысып, мас күйінде көлік жүргізген ер адамға қатысты оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Эко такси" компаниясының басшысы Максим Сәрсеновтың айтуынша, ол күні көлікте жүргізушінің туысы болған. Олар жарыс ұйымдастырып, өз араларында бәстескен екен.

"Бұл адам (жүргізушінің туысы) бізде жұмыс істемейді. Қауіпсіздік қызметіндегілер маған ер адамның көліктің кілтін жұлып алып, көлікке отырғанын айтып берді", - деді Сәрсенов. Сонымен қатар, ол такси жүргізушісінің осы оқиғаға дейін екі күн бұрын ғана жұмысқа орналасқанын айтты.

"Біз мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырған жоқпыз. Біздің ойымызша, бұл қасақана жасалған іс-әрекет. Дені дұрыс адам оған полицейлер атып жатқанда тоқтайды ғой. Ең бастысы, көлікте болған адамның тапсырыстарды қабылдауға, желіде байланыста болуға мүмкіндігі болды. Ол ешқандай қауіп төндірген жоқ еді. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр", - деді Максим Сәрсенов.

Сәрсеновтың айтуынша, такси жүргізушісі болған оқиғадан кейін жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, компаниядағылар бұрынғы жұмысшыға қатысты қатаң жазаларды қолданамыз деп уәде берді.

"Біз, әрине, оны сотқа береміз. Біздің мәліметтерге қарағанда, оның пәтері бар. Біз оның пәтерін тәркілеу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз. Біріншіден, көлікті соққаны үшін, содан келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін, яғни көліктің мүлтіксіз сақталуына жауап бере алмағаны үшін, үшіншіден, біздің беделге нұқсан келтіргендіктен сотқа шағымданамыз. Сонымен қатар, ол көліктің жылдамдығын асырып, тізгінді басқа біреуге тапсырғаны үшін жазаланады. Бұл адамның үйсіз қалуы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Ол барлық айыпты туысына жаба салуы мүмкін. Бірақ көлік оған тапсырылған болатын. Көліктің кілтін туысына сол берген болып шықты. Біздің компания зардап шекті. Енді осыған өзі жауап берсін", - деді "Эко такси" басшысы.

Сондай-ақ, Алматы облыстық ІІД мәліметінше, көлікті мас күйінде жүргізген ер адамның соңынан барған полицейлерге табельдік қаруды қолдану керек болған.

"Рено Логан" автокөлігінің жүргізушісі жол бойында тоқтауды талап еткен тәртіп сақшыларының айтқанын елемей, жоғары жылдамдықта жүре берген. Содан полицейлер жүргізушінің соңынан қуалаған. Полицелердің оның көлігінің үш дөңгелегін атқаннан кейін ғана жол ережесін бұзушы ұсталған", - деді Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Айта кетейік, ұсталған ер адам Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол көлікті қатты мас күйінде жүргізген. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төрт бабы (596, 599, 608, 613) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Ер адамның көлігі арнайы тұраққа жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети