21 қазан 2016 15:15

Елімізде көлік апатынан көз жұмғандар саны Ауғанстандағы қанды соғыстың құрбандарымен шамалас

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде көлік апатынан көз жұмғандар саны Ауғанстандағы қанды соғыстың құрбандарымен шамалас. Өткен жылдың өзінде 2 жарым мың адам жол үстінде жан тапсырған. Бұған қоса әртүрлі деңгейде жарақат алған 24 мың жерлесіміз бар. Бұл туралы 24 Хабар телеарнасы хабарлады.


Елімізде көлік апатынан көз жұмғандар саны Ауғанстандағы қанды соғыстың құрбандарымен шамалас. Өткен жылдың өзінде 2 жарым мың адам жол үстінде жан тапсырған. Бұған қоса әртүрлі деңгейде жарақат алған 24 мың жерлесіміз бар. Бұл туралы 24 Хабар телеарнасы хабарлады.

Бұл жөнінде Сенатта өткен жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемаларына арналған жиында айтылды. Жол апаттарының жиілеуіне ең алдымен жылдамдықты шамадан тыс асыру себеп. Бұған қоса еліміздегі жолдың сапасы мен дер кезінде медициналық көмек көрсету мәселесі ақсап тұр дейді мамандар.

"Ауғанстандағы 10 жылға созылған соғыста 15 мың адам қаза тапты. Ал егер біздегі жол-көлік апаттары азаймай, осы күйінде қалса, алдағы 10 жылда 25 мың жерлесімізден айырыламыз. Бұған қоса миллиондаған адам жарақат алады. Сондықтан бұл өте өзекті мәселе және шұғыл шешімді қажет етеді", - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал ішкі істер минстрі өз кезегінде жол-көлік апаттары соңғы жылдары азайып келе жатқанын айтады. Мәселен, биыл ол 5 пайызға төмендепті. Бұған, әрине, кешенді іс-әрекеттер, оның ішінде заңнамалық шаралардың қолға алынуы өз септігін тигізген. Бұған қоса депутаттар, шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, жол полицияларының жұмыс сапасына қатысты да бірталай мәселені көтерген. Министр жақсы нәтиже алу үшін, сондай жағдай жасалу керек деп күтпеген мәлімдеме жасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети