Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі жайлы жаңа деректер пайда болды

11 Ақпан 2016, 23:26
0
Ерасыл Әубәкіров © Instagram
Ерасыл Әубәкіров © Instagram

Астанада 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі жайлы жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телернасы. Телеарна тілшілеріне Ерасылды азаптап жатқан сәт түсірілген видео келіп түскен.

Еске салайық, Медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіров 10 ақпанда Астанада өлі күйінде табылған болатын. Оны өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

"Із-түссіз жоғалған астаналық студент азаптап өлтірілген. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті бір апта бойы іздеген полицейлер оның мүрдесін көмілген жерінен тапты. Медицина университетінің 6-шы курс студентін қаскөйлер өлтірмес бұрын әбден қинаған екен. Кейін марқұмның денесінен құтылу үшін аяқ-қолын байлап, көміп тастапты. Ерасылды еріктілерге дейін іздеген болатын. Әзірге қанды-қылмыстың жай-жапсары белгісіз. Полицейлер тек үш күдіктінің ұсталғанын айтты", - деп хабарлады тілшілер.

Телеарна тілшілері кейбір мәліметтерге сүйене отырып, ұсталғандардың бірі деп прокуратураның бұрынғы қызметкерін атап отыр. Ұсталғандардың бірінің анасының айтуынша, оның баласы қылмыстың куәгері болған - жігіт бірнеше сурет түсіріп алғанын айтып берген. 

"Күдіктілердің ішінде менің баламның бұрынғы әріптесі болған, олар прокуратурада бірге жұмыс істеген. Ол менің баламның куәлігін коттедж жалдаймын деп сұрап алған. Кейін балам құжатын алу үшін барғанда ол төменде күте тұруын сұраған. Кенет жоғарыда біреудің айғайы естілген. Баламыз көтеріліп, байлаулы жатқан адамды көріп, оны видеоға түсіріп алған. Осы сәтте оны біреулер көріп қалып, артынан қуа жөнелген. Балам әрең дегенде қашып үлгерген", - деп келтіреді телеарна ұсталған жігіттің анасы Сәуле Сатыбалдинаның сөзін. 

Әйелдің айтуынша, оның баласы коттеджде байлаулы жатқан адамның Ерасыл Әубәкіров екенін білмеген. Сатыбалдинаның айтуынша, ол полицияға бір-екі күннен кейін хабар берген, сол сәтте жігітті қамап тастаған. Енді жігіттің ата-анасы баласын кісі өлтірді деп айыпталуы мүмкін деп уайымдап отыр.

Әйел телеарна тілшілеріне ұсталғандардың бірінің ата-анасының Өскеменнің белгілі бизнесмені екенін де айтып берген. "(...) Олардың байланысатын адамдары да, мүмкіндіктері де бар, біз қатты қобалжып отырмыз, бар кінәні баламызға жауып қоюы мүмкін. Оны әйтеуір бір себептермен ұстап отыр ғой", - деді ол (Дереккөз: КТК).


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай