25 мамыр 2018 12:04

Еркексің бе? - Жүргізуші жедел жәрдем көлігіндегі дәрігерлермен жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда Nexia көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала тұрғыны Элени Хондолиди хабарлады.


Алматыда Nexia көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала тұрғыны Элени Хондолиди хабарлады.

Алматылық тұрғын Facebook желісіндегі парақшасында жеңіл көлік жүргізушісі мен жедел жәрдем көлігіндегілердің жанжалдасып жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Жедел жәрдем көлігіндегі салонда отырған әйел Nexia жүргізушісінің оларды өткізбей қойғанын айтады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

"24 .05.2018. Сағат шамамен 13.30. Жедел жәрдем қызметі немеремді балалар ауруханасына алып бара жатыр. А694РВU нөмірлі ақ түсті Nexia көлігінің жүргізушісі шектен шығып шықты. Оқиға Тимирязев көшесінде Айманов пен Жароков көшелерінің қиылысында болды", - деп жазған Элени Хондолиди.

Полиция өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі бұл видеоны зерттеп жатыр. Құқықтың баға беріп, заңға сәйес шаралар қабылайды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети