12 наурыз 2019 09:15

"Ерлік жасады". Алматыда ер адам үш баланы өлімнен құтқарып қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ІІМ ТЖК © ІІМ ТЖК

Алматыда жанып жатқан екі қабатты жатақхананың маңынан өтіп келе жатқан ер адам үш баланы құтқарып қалды. Оқиға 11 наурызда, дүйсенбі күні кешке, Жетісу ауданы Первомайский көшесінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов пен ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Өрт бірінші қабаттағы бөлмеден шығып, шатырға жайылған. Өрттің аумағы - 80 шаршы метр. 

Өртсөндірушілер келгенше терезеден көмек сұрап жатқан адамдардың дауысын естіген 1994 жылғы Дүйсен Нұрқанат көмекке жүгірген. 

"Оның батылдығы арқасында бөлмедегі адамдар аман қалды. Нұрқанат қара түтінге қарамастан, алты және үш жасар балаларды көтеріп алып шықты. Ал 2018 жылы туған үшінші баланы анасы есеңгіреп тұрып, терезеден лақтырып жібергенде қағып алды. Кейін әйел екінші қабаттан секіріп тірі қалды. Оны жатақхана тұрғындары ұстады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. 

Дүйсен Нұрқанат

Нұрқанат Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында байланысшы болып жұмыс істейді. Атағы - қатардағы жауынгер. Ол енді ерлігі үшін марапатталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети