13 маусым 2016 10:00

Есентаева бейнеленді делінген суретке қатысты Талғар ауруханасында қызметтік тексеріс жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева. © Novostivmire.com Баян Есентаева. © Novostivmire.com

Есентаева бейнеленді делінген суретке қатысты Талғар ауруханасында қызметтік тексеріс жүргізіледі. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев айтты.


Есентаева бейнеленді делінген суретке қатысты Талғар ауруханасында қызметтік тексеріс жүргізіледі. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев айтты.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде аурухана төсегінде жатқан әйелдің суреті таралған болатын. Интернет қолданушыларының айтуынша, суреттегі әйел - Баян Есентаева. "Бұл оның суреті ме, жоқ па немесе мұны кімнің түсіргенін анықтаймыз. Онда басқа емханалардың қызметкерлері де кіре алады. Қызметтік тергеу жүргіземіз", - деді Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Сонымен қатар, Баян Есентаеваның туған сіңлісі Бағым Мұхитденова Facebook жәнеInstagram әлеуметтік желілерінде достарына өтініш айтты. "Құрметті достар! Бұл күндері әлеуметтік желілерге кіретін жағдайым болған жоқ, себебі біздің жанұямызда қасірет және Алла мұндайды ешкімнің басына жазбасын. Мен әпкемнен айырылып қаламын деп ойладым! Ол менің ең жақын адамым, мені бала кезімде баққан, сабағыма көмектескен, киімімді тігіп беріп, пионерлер галстугын жуып берген және бүгін ештеңе өзгерген жоқ, ол менің сол әпкем болып қала береді... Қазір ол қорғансыз жатыр, кім-кішкентай, ол сіздердің тиісе сөйлегендеріңізге жауап бере алмайды, өз суреттерін жариялауға тыйым сала алмайды (суреттерді не этикасы, не адамгершілігі, не тәртібі, не мәдениеті жоқ аурухана медбикелерінің бірі салыпты, сол үшін лайықты жазасын алады). Сіздерден өтініп сұраймын, мұның бәрін тоқтатыңыздаршы... Баян ТЕМІРДЕН ЖАСАЛМАҒАН, ОЛ КІШКЕНТАЙ ҒАНА ӘЙЕЛ, ол еліміздің дамуына үлес қосқан адам және бұл сөзіме ешкім қарсы шыға алмайды! Сіздерден өтінемін, ТОҚТАТЫҢЫЗДАРШЫ...", - деп жазды Бағым Мұхитденова (автор мәтінінің емлесі сақталды - Авт.).

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети