02 тамыз 2021 17:56

Есікте әке-шешесі пневмониядан қайтыс болған төрт бала жетім қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы облысы Есік қаласында ата-анасы пневмониядан қайтыс болған төрт кішкентай бала жетім қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Есік қаласында ата-анасы пневмониядан қайтыс болған төрт кішкентай бала жетім қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыныптасымыз Камилла Османованың отбасы қиыншылыққа тап болды. Бүгін таңертең 01.08.2021 жылы ол ағасынан айрылды, ал бес күн бұрын, 27.07.2021 жылы Диастың әйелі қайтыс болған еді", - дейді отбасының досы Әлия Бөкеева.

Оның айтуынша, 9, 5, 4 жастағы және уақытынан бұрын дүниеге келіп, қазір балалар реанимациясында жатқан жаңа туған нәресте жетім қалған. Енді балаларды әжесі алып, олардың тәрбиесімен өзі айналысады.

Отбасына көмектесуге ниеті бар жандар Әлия Бөкеевамен мына телефон нөмірі арқылы байланыса алады: +7 701 406 09 09 немесе балалардың әжесі Нұрбану Рақышеваның нөмірі: +7 747 938 0036.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети