27 тамыз 2020 09:13

Есін жоғалтқан әжей Петропавлдан 40 шақырым жердегі орманнан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pkzsk.info © pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысында 75 жастағы әйел үйінен 40 шақырым жерде орманнан табылды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Солтүстік Қазақстан облысында 75 жастағы әйел үйінен 40 шақырым жерде орманнан табылды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Петропавл тұрғыны полицияға 1945 жылғы анасы үйден шығып, оралмағанын айтып шағымданған. Анасы ұмытшақ болған.

Полиция өкілдері бірден іздестіру жұмыстарын бастаған. Келесі күні аудандық бөлімшелер де қосылған. Әжейді іздестіру жұмыстарына еріктілер мен тұрғындар қосылған. 

25 тамызда Петропавлдан 40 шақырым жерден қорықшы Максим Петров орманды аралау барысында әйел адамды көріп қалған. Жүдеу көрінген әйел кім екенін, қайда бара жатқанын айта алмаған. 

Қорықшы бірден табиғатты қорғау полицейіне хабарлаған. Сөйтіп әйел адам аудандық полиция бөліміне жеткізілген. 

Жоғалып кеткен әйел адамның туыстары бірден келген.

"Әжей қайда жүргенін білмеген, соңғы бес күнде қайда болғанын ақыры айта алмады", - полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Назаров. 

Оның айтуынша, жоғалып кеткен әжей ұмытшақ болғандықтан іздестіру жұмыстары қиынға соққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети