"Гүлжан" сауда үйінің маңында соққыға жығылған ер адамның қарындасы оқиғаның мән-жайын айтты

30 Қазан 2017, 16:02
0
"Гүлжан" сауда үйінің маңында соққыға жығылған ер адамның қарындасы оқиғаның мән-жайын айтты -

Астанада "Гүлжан" сауда үйінің маңында соққыға жығылған 33 жастағы Бауыржан Исабековтің әпкесі Наргиз Ахметова інісінің жағдайы мен төбелестің мән-жайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның сөзінше, 26 қазанда кешкісін Бауыржан Исабеков оның үйіне келуі керек болған. Мұның алдында ол "Встреча" ауданындағы "Гүлжан" сауда үйіне кірген. Дүкеннен шыға берісте ол белгісіз адаммен соқтығысып қалған. Осыдан кейін жанжал басталып, төбелеске ұласқан. 

"Оны ешкім өлтіргісі келген жоқ. Өзге ер адаммен ерегесіп қалған. Менің ағам өтіп бара жатып, таксиден шығып келе жатқан ер адаммен соқтығып қалады, сөзден сөз шығады. Бір-бірін танымайды. Ол ер адам ағамды ұрып тастаған. Адамдар неге "пышақтап", "бауыздап" тастады деп жаза береді. Ешкім де тамағын орған жоқ. Біреулер тіпті банктен шығып келе жатқанда шабуылдаған деп жазыпты. Бұл аяқасты болған оқиға", - дейді Наргиз Ахметова. 

Бауыржан Исабеков. Жеке мұрағатынан

Оның сөзінше, інісін соққыға жыққан жігіт ашушаң болған, оны оқиғаның куәгері де растап отыр. 

"Ашушаң біреуге тап болыпты. Ол жерде соншама адам болған. Неге ешкім арашаламағанын... Екі-үш ер адам келсе, мұндайға дейін бармас еді. Ол менің інімнің үстіне секірген. Ұрып-соғып, үстіне секірген. Куәгерлер айтты. Өзге біреу келіп, итеріп жібермегенде Бауыржанды өлтірер еді", - дейді зардап шегушінің қарындасы. 

Бауыржан Исабеков және Наргиз Ахметова

Наргиз Ахметова інісінің ес-түссіз жатқанын пайдаланып, қалтасын ақтарған ер адамға қатысты да өз ойын айтты. 

"Ал видеодағы ер адам өтіп бара жатып, "қалтасын ақтарып көрейін" деген болуы керек. Бауыржанның қалтасынан не алып шыққанын да білмейміз. Ақша емес. Ол күні банкке барған жоқ. Ол "Гүлжан" дүкенінен шықты", - деп атап өтті ол. 

Бауыржан Исабеков ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. 

"Інім төрт күн болды комада. Жарақаты көп, қабырғалары сынған. Дәрігерлер ешқандай болжам жасап отырған жоқ. Жағдайы тым ауыр. Күту керек", - дейді Наргиз Ахметова. 

Әпкесінің айтуынша, Бауыржан Исабеков дүкенде сатушы болып істеген. 

Мұның алдында "Гүлжан" сауда үйінің маңында болған оқиғаның фигуранты ұсталғаны хабарланған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай