14 шілде 2017 14:13

"Хайвилл" тұрғын үй кешенінде болған өрттен төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде болған өрттен төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметтерді ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді. 


Астанадағы "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде болған өрттен төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметтерді ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді. 

2017 жылы 14 шілдеде таңғы 05:06-да 24-ші қабатты "Хайвилл" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатында түтін шыққаны жайлы хабарлама түсті. 

"65 шаршы метрлік жалпы көлемде жиһаз , тұрмыстық техника және үй заттары өртенген. Өрт салдарынан шыққан газ иісінен төрт адам қаза тапты, оның екеуі балалар", - деді ТЖ Комитетіндегілер. 

Оқиға орнына биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған арнайы техника мен жеке құрамның 25 адамы тартылған. Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети