06 ақпан 2019 11:29

Интернет қолданушыларын таңғалдырған автобус жүргізушісі өзі жайлы айтып берді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото 
almaty.tv © фото almaty.tv

Алматылық автобус жүргізушісі желі қолданушыларын таңғалдырған іс-әрекеті жайлы айтып берді, - деп хабаралайды "Алматы" телеарнасы. 


Алматылық автобус жүргізушісі желі қолданушыларын таңғалдырған іс-әрекеті жайлы айтып берді, - деп хабаралайды "Алматы" телеарнасы. 

Ол - 20 жыл автобус жүргізген Игорь Даник. Ол өзіне аударылған жұртшылықтың назарына таңғалды. Игорь жарияланған суреттер арқылы оны көршілері мен достары танып жатқанын айтты. Ал әйелі оған "сен жұлдыз болып кеттің" деген екен. Жүргізуші өзінің жасаған көмегін ерекше деп санамайды және оның орнында басқа адам да дәл солай істейтінін айтты.

"Мен баланың жағдайын ойладым. Өзімнің де балаларым бар. Мен оны төлейтін ақшасы жоқ деп түсіріп кетсем не болады? Ондай іс-әрекетті дұрыс деп санамаймын. Жеткіншекті үйіне, ата-анасына жеткізуім керек. Менің де балаларым бар. Жолаушылардың жол ақысын төлей алмауына түрлі себептері болуы мүмкін", - деді Игорь Даник

Игорьдің әріптестері де бұл жағдайды естіп, жасаған ісі үшін қолдау көрсеткен. 

"Автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптар өте жоғары. Іріктеу қатал түрде өткізіледі. Біріншіден сұхбат жүргіземіз, сосын арнайы тестілеуден өтеді. Нәтижесінде, ең жақсы нәтиже көрсеткен жүргізушілерді таңдаймыз", - деді City Bus автобус паркі директорының орынбасары Айгүл Кенетай.

Айта кетейік, алматылық тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасында өз әрекетімен таңғалдырған автобус жүргізушісі туралы видео жариялаған. 1 ақпанда жеңілдік картасын алып үлгермеген оқушы жолақысын төлей алмайтынын айтып, жүргізушіден кіруге рұқсат сұраған. Жүргізуші болса өз алдына оны түсініп, жеткізіп қана қоймай, оның орнына өз ақшасымен жолақысын төлеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети