14 желтоқсан 2021 16:26

"Жағдайы қиын". Атырауда қаңғыбас иттер оқушы қызды талап тастаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Атырауда оқушы қызға төрт қаңғыбас ит шабуыл жасады. Облыстық балалар ауруханасына 2008 жылы туған қыз ауыр халде түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.


Атырауда оқушы қызға төрт қаңғыбас ит шабуыл жасады. Облыстық балалар ауруханасына 2008 жылы туған қыз ауыр халде түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 13 желтоқсанда сағат 19.50-де болған. Дәрігерлер мәліметінше, 13 жастағы қыздың сол жақ жауырын аймағында, бетінде, сол жақ маңдайында жарақатар, тіс іздері бар.

"Иттер қыздың екі иығын, білегін, қолын, екі жамбасын және аяғын тістеп тастаған. Жағдайы қиын, қыз жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

2021 жылдың 11 айында облыстық балалар ауруханасына осыған ұқсас жағдаймен 380 бала жүгінгені айтылды. Оның ішінде қаңғыбас иттер тістеп алған - 152, үй иттері - 183, қаңғыбас мысықтар - 15, үй мысықтары тістеген 23 жағай тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети