16 қыркүйек 2020 14:05

Жамбыл облысында 7 жасар бала жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тікұшақтардың көмегімен 7 жасар бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Жамбыл облысында тікұшақтардың көмегімен 7 жасар бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

2013 жылғы бала Мойынқұм ауданы Көшаман ауылында тұрады. Ол 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Шамамен сағат 15.00-де бала үйден атпен шыққан. Оны соңғы рет сағат 18.00 шамасында Көшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының маңында көрген.

Қазір іздеуге 200-ден аса полиция қызметкері, құтқарушылар, кинологтар, жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер атсалысып жатыр. Іздестіру шараларына Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" "Еврокоптер" тікұшағы жұмылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети