06 тамыз 2021 09:02

Жамбыл облысында баланы ұрған тәрбиеші жұмысына оралған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: nvdaily.ru Фото: nvdaily.ru

Бес жасар баланы ұрғаны үшін жұмыстан босатылған тәрбиеші Жамбыл облысы Шақпақ-Ата кентіндегі жұмыс орнына оралды. Бұған ашуланған жергілікті тұрғындар балабақшаға бойкот жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел балабақша директоры демалыста екенін пайдаланып, басшының міндетін уақытша атқарушыны өзін қайта жұмысқа қабылдауға көндірген.

"Тәрбиешілердің баланы ұрғаны қалыпты жағдай ма? Оны жұмыстан босатыңыз!" - деп талап етті Шақпақ-Ата ауылының тұрғыны Гүлбахар Кесембаева.

"Бір рет ұрды, енді тағы ұрмайтынына кім кепілдік береді?" - дейді тағы бір жергілікті тұрғын Қалдыбек Қуанышбеков.

Телеарна мәліметінше, балабақша директоры да бұл жағдайға наразы. Ол беделіне нұқсан келді деп санайды және тіпті орынбасарын жұмыстан шығармақшы. Бірақ ол жауапкершілікті аудандық білім бөліміне сілтеп отыр.

Жағдайды түсіну үшін Жуалы ауданында арнайы комиссия құру туралы шешім қабылданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети