29 тамыз 2021 21:04

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталады. Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоғалған тағы екі адамды іздеу жалғасып жатқаны айтылады.

"Жарылған қоймада тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты" - Қорғаныс министрлігі

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети