29 тамыз 2021 14:45

"Жарылған қоймада тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты" - Қорғаныс министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қазақстан Қорғаныс министрлігі жарылған әскери оқ-дәрі қоймасынан жалын шыққанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Қорғаныс министрлігі жарылған әскери оқ-дәрі қоймасынан жалын шыққанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін, 29 тамызда сағат 12.20 шамасында тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, адамдар болмаған. Себептері анықталып жатыр", - делінген ведомствоның Telegram-каналында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети