1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр 17 сәуір 2021, 13:50

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 23 жастағы қызды іздестіруге барған сүңгуірлердің бірі суға кетіп, денесі он төрт күннен бері табылмай жатыр.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: e-auction.gosreestr.kz Фото: e-auction.gosreestr.kz

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 23 жастағы қызды іздестіруге барған сүңгуірлердің бірі суға кетіп, денесі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, енді су қоймасында бірден екі адамға ауқымды іздеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында Құтқарушы қызды іздеу кезінде жоғалып кетті

23 жастағы келіншекті іздеуге Тасөткел су қоймасына бір топ құтқарушы Тараздан арнайы барған екен. Олар полицейлердің сұраныс хатында көрсетілген төңіректі сүзіп шығуға кіріскен. Кешке тақау іздеу аяқталарда кенеттен жел тұрып, екі метрлік толқын пайда болыпты. Асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты қойманың ортасына қарай тартып әкеткен. 20 жылдық тәжірибесі бар Жұмағали Әбдірахманов кері қайта алмасын түсініп, желдің бағытымен  жүре берген. Ол сол бойда оралған жоқ.

Телеарна тілшісінің айтуынша, тіс қаққан маманның қалай суға батып кеткені түсініксіз. Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы табылған. Ал өзін он төрт күннен бері әріптестері іздеп жатыр. Алматы облысынан да құтқарушылар көмекке келген. Тасөткел су қоймасының ұзындығы 21, ал ені 8 шақырым. Тереңдігі 25 метерге жуық. Ауқымды аумақтан адам денесін табуға 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ жұмылды.

"Өте тәжрибелі сүңгуір. Тәжрибесін мүмкіндігінше қолданды. Яғни бұл арада тек дауылдың әсері. Қатты тұрған дауылдан жоғарғы толқын қайықтың дер кезінде жағаға қайтуына дес бермеген", - дейді Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!