1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жамбыл облысында кәріз құдығына түскен жұмысшы қаза болды 01 қыркүйек 2021, 10:46

Жамбыл облысында кәріз құдығына түскен коммуналдық қызметкер қаза болды. Ер адам коммуналдық шаруашылықта 15 жыл жұмыс істеген. Оның артында
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстратциялық сурет Иллюстратциялық сурет

Жамбыл облысында кәріз құдығына түскен коммуналдық қызметкер қаза болды. Ер адам коммуналдық шаруашылықта 15 жыл жұмыс істеген. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды. Марқұмның тағы екі әріптесі ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Тараздан 28 шақырым жерде орналасқан Аса ауылында болған. Үш жұмысшы кәріз құдығын тазартуға барған. Коммуналдық қызметкерлердің бірі қорғаныс құралдарынсыз 4 метр тереңдікке түскен. Қалдыбек Базиев есінен танып қалғанда, әріптестері оны құтқаруға асыққан. Бірақ өздері де тұншығып қала жаздаған.

"Жұмысшылар құдыққа түспеуі керек еді. Суды арнайы қондырғы арқылы шығару керек болған. Мүмкін, жұмысшылар тапсырманы тез орындамақ болып, төмен түскен болар", - деді "АСА-СУ" басшысының міндетін атқарушы Мамадияр Арғынбай.

Құдыққа бірінші болып түскен 56 жастағы қызметкер оқиға орнында қаза болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге газдан улану себеп болған. Оның екі әріптесі ауруханаға жеткізілді.

"Олар есін біледі, бірақ сөйлеуге шамасы келмеді. Мұның бәрі жиналған ағын су әсерінен пайда болған газға байланысты болуы мүмкін. Қазір науқастар ем алып жатыр", - дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Кезембаев. 

Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсететілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram