09 қыркүйек 2021 08:58

Жамбыл облысында қаза болған шенеуніктің көлігінен полицияға шақырту табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңынан шенеуніктің денесі табылған көлік. ©  Talas Audany Akimdigi Маңынан шенеуніктің денесі табылған көлік. © Talas Audany Akimdigi

Қаратау қаласында жеке көлігі маңынан өлі табылған Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің қызметкері қайтыс болар алдында полицияға барған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаратау қаласында жеке көлігі маңынан өлі табылған Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің қызметкері қайтыс болар алдында полицияға барған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, жолға қойып кеткен шенеуніктің көлігінде жол жөндеу жұмыстары бойынша қылмыстық іске қатысты куә ретінде полицияға шақырту қағазы табылған.

Талас облысының әкімдігі оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Бұған дейін қайтыс болған шенеунік Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы екені анықталған болатын.

Мәйітті жергілікті тұрғындардың бірі аялдамада байқап қалған. Полиция жақын маңнан аңшы мылтығын тапты. Ол марқұмның атына тіркелген. Алдын ала болжам бойынша, 38 жастағы ер адам өзіне қол жұмсаған. Істің егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети