21 мамыр 2021 11:07

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тengrinews.kz Фото ©Тengrinews.kz

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі редакция сауалхатына берген жауабында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі редакция сауалхатына берген жауабында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы казарма ғимаратының 4 қабатындағы терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді ведомство өкілі.

Қорғаныс министрлігі мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін және туыстарының тілегі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Мерзімді қызметкер 2021 жылдың сәуірінде әскерге шақырылып, 15 мамырда әскери ант берген.

82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети