1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған үш адам кім екені анықталды 31 тамыз 2021, 12:40

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болған кезінде қаза тапқан тағы үш адамның есімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болған кезінде қаза тапқан тағы үш адамның есімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған үш құрбанның жеке бас мәліметтері анықталды.

Олар Жамбыл облысы бойынша ТЖД қызметкерлері:

  • ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 жылғы;
  • ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 жылғы;
  • ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 жылғы", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram