Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен отбасының қызы биліктен көмек сұрады

19 Қараша 2018, 08:36
0
Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен отбасының қызы биліктен көмек сұрады -

Жарылыс нәтижесінде үйі құлаған жаңаөзендік билік өкілдерінен көмек сұрап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ЛАДА" сайтына сілтеме жасап.

Қыздың түсірген видеосын Маңғыстау тұрғындары WhatsApp мессенджері арқылы бір-біріне таратып жатыр. Кадрларда қыздың нұсқасы бойынша жарылыстың болу себебі айтылған. Ол биліктегілердің отбасын жарылысқа жол бергені үшін кінәлауға тырысатынын жеткізген. Себебі олар қауіпсіздік техникасын сақтамаған және жарылыс қазандықта болған-мыс. 

Ол қазандықта бәрі дұрыс екенін көрсетті. Оның айтуынша, жарылыс үйге іргелес құбырлардағы газдың шығып кетуіне байланысты болды. Отбасы билік тарапынан көмек алмайды екен, ол кадрларда естіледі. Қыздың айтуынша, анасы мен ағасы ауыр жағдайда әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. 

Еске сала кетейік, 16 қарашада Жаңаөзенде үй жарылып, үш адам зардап шеккен. Олардың екеуі жансақтау бөліміне түсті. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай