26 желтоқсан 2020 10:30

"Жанып кете жаздадың, аға!" Өртсөндірушілер пеште тамақ қалдырып ұйықтап қалған павлодарлықты қар лақтырып оятты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодардағы бес қабатты үй пәтерлерінің бірінде электр плитасында қалған тамақ өрттің шығуына себеп бола жаздады. Бұл кезде үй иесі ұйықтап жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардағы бес қабатты үй пәтерлерінің бірінде электр плитасында қалған тамақ өрттің шығуына себеп бола жаздады. Бұл кезде үй иесі ұйықтап жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шақыру бойынша келген өртсөндірушілер мен көршілері ұйықтап жатқан ер адамды есік қағып оята алмаған. Сондықтан олар пәтердің терезесіне қар лақтыра бастаған. Үшінші реттен кейін ер адам оянды.

"Тұр, есікті аш, өрт болып жатыр сенде. Аш есікті!" - дейді өртсөндіруші.

Кейін ер адам оларды пәтерге кіргізді, өртсөндірушілермен болған диалогқа қарағанда, ол не болып жатқанын бірден түсіне қоймағанын көруге болады. 

"Жанып кете жаздадың, аға!" - деп түсіндірді өртсөндіруші.

"Қойшы!" - деп таңғалды ер адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дело храбрых (@bexeitov_k)

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адамның үйінде пеште тамақ күйіп жатқанын көршілері байқап, пәтерде электр энергиясын уақытылы істен шығарып, 101-ге қоңырау шалған. Тұрғындардың айтуынша, түтін бірінші қабаттағы пәтерден шыққан. Адамдар көршісінің есігін қаққан, бірақ ол ашпаған.

"Біз терезені ашып, бөлмеде бір адам ұйықтап жатқанын көрдік. Есікті бұзып, терезелердегі торларды сындырудың мәні болмады. Ер адамға өрт оқпанын беруге болушы еді, бірақ олар жай ғана қар лақтырумен шектелді. Үй иесі оянды. Біз айғайлап едік, ол шықты", - деді Павлодардың №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Қайрат Бексейітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети