26 желтоқсан 2023 09:30

Жасөспірім мен әйел көмірқышқыл газынан уланып қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Шымкент пен Түркістан облысында көміртегі тотығынан уланған екі адам қаза тапты. Екі жағдайда да мамандар газ құрылғыларын орнатуда кемшіліктер кеткенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar басылымына сілтеме жасап.

25 желтоқсанда Сарыағашта өрт сөндіру қызметінің кезекшісі 2007 жылы туған қыз көміртегі тотығынан уланып, қаза тапқаны туралы ақпаратты "104" пультіне хабарлады.

Ал 24 желтоқсанда дәрігерлер Шымкенттегі "Қайтпас" шағынауданындағы үйлердің бірінде 1971 жылы туған әйел қайтыс болғанын айтты. Оқиға орнына келген авариялық бригада газ аспаптарын монтаждау шарттары бұзылғанын анықтады. Қайғылы жайт болған жерде су жылытқышы орнатылған. Бұл жағдайдың себебі мұржаның құбырының ұзындығы бойынша талаптар сақталмауы болды.

Екі жағдайда да себеп сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бойынша анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети