Жасөспірім пойыз астына түсіп опат болды

07 Наурыз 2014, 09:49
0
Жасөспірім пойыз астына түсіп опат болды - Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынған
Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынған
"Қызылорда облысында 16 жасар жасөспірім пойыз астына түсіп опат болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 6 наурыз күні Белкөл және Қызылорда бекеттерінің аралығында орын алған. 16 жасар жасөспірім №23-ші Алматы-Ақтөбе жолаушылар пойызының астына түсіп қалып, келтірілген жарақаттар салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Жамбыл облысында сегіз жасар қыз электровоз астына түсіп қайтыс болған еді. Оқиға "Бурное" бекетінде орын алған.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай