Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам Қанат Ислам. Qazaq Promotions©

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қаза болған балалардың рухына арнайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қаза болған балалардың рухына арнайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше елімізде қайғылы жағдай болды. Қанша сәбиімізден айырылып қалдық. Алла тағала олардың жанын жәннаттық қылсын. Мен осы жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді. Өте өкінішті", - деді Қанат Ислам жеңісінен кейін рингте.

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді

Боксшы ел басқарып отырған азаматтарға үндеу жасады.

"Біздің елім, жерім дейтін, елді басқарып отырған ағаларымыздың құлағына алтын сырға: қарапайым халықпен бірге болыңыздар. Аспанға ұшып кетпеңдер. Аяқтарың аспаннан салбырап түскен жоқсыздар. Бәрің біз секілді екі уақыт тамақ жеп, екі уақыт дәретханаға баратын адамсыңдар. Әрқашан да халықтың қамын жеңдер, кім болсаң да. Қарапайым халқым, мен әрқашан да сіздермен біргемін. Жеңісім әрқашан сіздер үшін. Аман болыңыздар. Осы дерттен бәріміз аман-есен өтейік", - деді Қанат Ислам.

"Канело, vamos!" Қанат Ислам мәлімдеме жасады

Еске салайық, 9 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

Бүгін бес баланың өмірін қиған өрттің алдын ала себептері айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети