19 қыркүйек 2019 09:12

Жеті ай бойы зорлаған. Атырау облысында 13 жастағы қыз жүкті болып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында ер адам 13 жастағы қызын 7 ай бойы зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында ер адам 13 жастағы қызын 7 ай бойы зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта ер адамның қыздың өкіл әкесі екені анықталды. Ер адам мен қыздың анасы заңды некеде тұрады. 13 жастағы қыз әйелдің бірінші күйеуінің баласы екен. Өкіл әкесі қызына заңды түрде фамилиясын беріп, баланың әкесі деп танылған. Одан бөлек, жұптың тағы екі қызы бар. 

Қыз зорлық туралы қорыққандықтан айтпай келген. Бар жағдай ол жүкті болып қалған соң анықталған. Анасы дереу полицияға арызданған.

Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі күшіне енді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети