30 қараша 2023 09:54

Жетісу облысында қыз зорлады деген полицей даулы аудиодан кейін неге жұмыстан шығарылмағаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zhetysu.gov.kz Фото: zhetysu.gov.kz

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұрынғы полицей бұған дейін жанжалдың ортасында қалған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұрынғы полицей бұған дейін жанжалдың ортасында қалған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылдың қыркүйегінде YouTube желісінде сол кезде Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған Күштібаев қоластындағы қызметкерлердің жұмысын балағат сөздермен сынап жатқан аудиожазба пайда болды. Осыдан кейін көп ұзамай полицей қызметінен босатылды. Алайда, сол жылдың қысында БАҚ беттерінде Күштібаев Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары екені жазылды.

Tengrinews.kz тілшісі аудиожазбаға қатысты жанжалдан кейін полицей жаңа басшылық қызметке неге тез қолжеткізгенін анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Күштібаев жұмыстан емес қызметінен босатылған, сондықтан ол облыстық Полиция департаментінде тіркеліп тұрғаны айтылды.

"Кейіннен, 2019 жылдың 6 желтоқсанында ол төменгі лауазымға тағайындалды", - делінген ІІМ-нің ресми жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети