06 маусым 2021 10:39

Жезқазғанда жасөспірімдер мотоцикл айдап, апатқа түсті: біреуі қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

5 маусымда Қарағанды ​​облысында жол апатынан 11 жастағы жасөспірім қаза болды. Оның досы ауруханада жатыр. Балалар мотоцикл айдап, көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


5 маусымда Қарағанды ​​облысында жол апатынан 11 жастағы жасөспірім қаза болды. Оның досы ауруханада жатыр. Балалар мотоцикл айдап, көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат 5 маусымда Жезқазған-Қарағанды ​​тасжолында болған. "Восход" мотоциклін 14 жастағы жасөспірім басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жүргізушісі жолда солдан оңға қарай өтіп бара жатып, 42 жастағы ер адам басқарған Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан 11 жастағы мотоцикл жолаушысы алған жарақаттарынан қаза болды. Әр түрлі жарақат алған мотоцикл жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің бастығы облыс тұрғындарын жол ережелерін сақтауға және кәмелетке толмағандарға көлік құралдарын сеніп тапсырмауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети