22 маусым 2017 12:13

Жезқазғанда үлкен базар екінші рет өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда "Шаруа" базарының маңында өрт шықты. Өртті сөндіруге бір сағаттан аса уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазғанда "Шаруа" базарының маңында өрт шықты. Өртті сөндіруге бір сағаттан аса уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өртті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, бұл бірінші рет болып тұрған өрт емес. Биыл наурыз айында да "Шаруа" базарында түнгі уақытта өрт шыққан. Ол кезде базар аумағында ешкім болмаған.

"Базар осымен екінші рет өртеніп жатыр, әдейі сияқты. Ол жақта жөндеу жұмыстары да аяқталмаған еді. Қайтадан өрт шықты, жөндеу жұмыстарынан кейін енді ғана ашылып еді", - дейді куәгерлер.

"Өрт Жезқазған қаласындағы "Шаруа" базарының аумағында болды. Бір қабатты бутик өртеніп жатты. Өрт сағат 20.54-те ауыздықталып, 21.20-да ауыздықталды. Өрт 120 шаршы метрді қамтыды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрттің себебі әзірше анықталмады. Куәгерлердің айтуынша, өртке базарда жөндеу жұмыстары кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары себеп болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети