04 мамыр 2014 13:46

Жоғалған екі қыз Алматыға келу үшін телефондарын сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы облыстық ІІД ©Алматы облыстық ІІД

Талдықорғанда іздеу салынған екі оқушы қыз Алматыға келу үшін ұялы телефондарын сатып жіберген, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет айтты.


Талдықорғанда іздеу салынған екі оқушы қыз Алматыға келу үшін ұялы телефондарын сатып жіберген, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет айтты.

Нарқыз Жолдасбаева мен Айдана Көжебаева 29 сәуір күні үйлерінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен болатын. Олар төрт күннен соң Алматыдан дін аман табылды. Полицияның мәліметінше, оқушылардың бірінің үйінде жанжал болған. Содан кейін ол Алматыға кетуді ұйғарған, өзімен бірге құрбысын ертіп алған. "Оларда 2000 теңгеге жуық ақша болған. Қыздар ұялы телефондарын сатқан, бірі 1500 теңгеге, бірі 500 теңгеге. Содан кейін 2800 теңгеге автобусқа билет сатып алып, қалаға "бақыт іздеп" келген. Бірінші тәулікті "Сайран" автовокзалы маңында өткізген, мешіт жанына түнеп шығыпты. Екінші күні екеуі қаладағы базарлардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп, ақша тапқан", - дейді Нұрахмет. 

Үшінші күні қыздар "Шаңырақ" ықшамауданында түнеген. Олардың біреуінде тағы бір ұялы телефон болған, қыздар оны арагідік іске қосып тұрған. Соның арқасында полицейлер оқушыларды оңай тапты. "Біз оларды "Шаңырақта" тауып, ата-аналарына қайтардық. Бұл қыздардың отбасы ауқатты, туыстары қыздарын аман-есен тауып бергені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс айтып жатыр. Жоғалған балаларды іздеу кезінде бірнеше нұсқа қарастырылды", - дейді Нұрахмет.

Қыздарды іздеуге 148 әскери, 200 полицей, соның ішінде, патрульдік полицияның 80 қызметкері қатысты. Криминалистер, жедел қызметкерлер мен оқушылардың достары да жұмылдырылды. Жоғалған қыз балалар туралы хабарламалар ілінді. Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, қыздармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, үйлерінен қашып кетуге бейім балалар ретінде есепке алынуы мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети