31 шілде 2014 19:43

Жол ережесін екі рет бұзған Павлодар әкімінің жүргізушісі жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pavon.kz ©pavon.kz

Жол ережесін екі рет бұзған Павлодар әкімінің жүргізушісі жауапқа тартылды деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Жол ережесін екі рет бұзған Павлодар әкімінің жүргізушісі жауапқа тартылды деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД мәліметтері бойынша, Павлодар әкімі Болат Бақауовтың қызметтік көлігін тізгіндеген жүргізушінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сәтін суретке түсіріп алғандар оны Ник Olenj деген ғаламторды пайдаланушы атынан әлеуметтік желіге орнатқан. "Суретте қала басшысының қызметтік көлігі әкімдік ғимаратының "кірпіш" түрінде тыйым салу белгісі бар жолымен кетіп бара жатқандығы, ал көлік есігі әйнектерінде заңмен тыйым салынған жарықты көлегейлеуші қара пленкасы бары анық көрініп тұр" деп түсініктеме жазылады. 

Полицейлер бұл фактіні бірден назарға алып, жол қозғалысы ережесін бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. "Павлодар әкімі жүргізушісіне қатысты жол қозғалысы ережесін бұзғандығы жөнінде әкімшілік хаттама толтырылды, атап айтқанда, "тыйым салынған белгісі бар жерден жүргені" және көліктің алдыңғы есіктерін қараңғылағаны үшін 10 АЕК (18 520 теңге) көлемінде айыппұл салынды" деп істің мән-жайын түсіндіреді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

Ал павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәліметке қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. Еске сала кетелік, Павлодар әкімі Болат Бақауов үстіміздегі жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети