19 қаңтар 2022 09:09

Жұмысқа кетіп, оралмады. Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жоғалғандар іздестіріліп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалып кеткен қала тұрғындарын іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.


Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалып кеткен қала тұрғындарын іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Кейбіреулер бір аптадан аса уақыт бойы туыстары мен достарын іздеп жүр. Олар полицияға арыз берген, мәйітханалар мен тергеу изоляторларын тексерген.

Еріктілер бірнеше күн бойы компьютерде отырып, өтінімдерді қарайды. Жоғалғандар туралы алғашқы өтініштер 7 қаңтарда, қалада бірнеше сағат бойы интернет қосылғаннан кейін келе бастағаны айтылды. 

Еріктілер Instagram арқылы өтініш қабылдайды. Полиция оларға ақпарат береді. Олар елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істейді, мәйітханалар, ауруханалар мен тергеу изоляторларына хабарласады.

"Қазір іздеу өте қиын, өйткені қайдан кеткендері белгісіз. Егер қарапайым, тыныш күнде адам жоғалып кетсе, алдымен, шыққан жеріп біліп, кейін камералардан оның қайда кеткенін бақылайтын едік. Іздеу әлдеқайда жеңіл болатын", - дейді LIDER.KZ еріктілер қозғалысының жетекшісі Дильмира Блац.

Еріктілердің айтуынша, көпшілігі 5 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен. Сол күні адамдар асығыс жұмыс орнынан шыққан, бірақ үйіне жетпеген. Туыстары оларға әлі күнге дейін не болғанын білмейді. Олар байланысқа шықпаған. Көбінесе ер адамдар жоғалып кеткен.

Жоғалғандардың бірі - 2003 жылы туған аспаз.

"Ол Ленин көшесінің бойында бір жерде аспаз болып жұмыс істеді. Осыдан кейін ... ештеңе белгісіз. Жай ғана жоғалып кетті, болды. Басқа ақпарат жоқ. Жоғалғандар туралы ешқандай дерек жоқ. Оның телефоны табылды. Ауруханада телефоны бар екенін айтты, бірақ басқа мәліметтер жоқ", - деді телеарнаға сұхбат бергендердің бірі.

Бір апта ішінде еріктілер 106 өтініш қабылдады. Бүгінде 88 адам табылды. Жетеуі қаза тапты. Еріктілер оқиға қайда және қандай жағдайда болғанын білмейді.

Алматы Полиция департаменті адамдар жоғалғаны туралы барлығы 39 өтініш түскенін мәлімдеді. 30 адам табылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети